Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Өзбекстан Көркемөнер академиясының «Алтын медалімен» марапатталған.
«Мастер-класс: Жібек жолы өнері» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты.
Суретшінің «Кездесу» картинасы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан Рим Папасы Иоанн Павел II-ге сыйға тартылды. «Мамлюки» картинасы Катар мемлекетінің Әмірі Шейх Хамад бен Халифа әл-Таниге табысталды. Туындылары Қазақстанның Санкт-Петербургтегі консулдығында, ҚР Президенті Аппаратында, сондай-ақ Франция, Германия, Ұлыбритания, ҚХР, Корея елдеріндегі жеке коллекцияларда сақтаулы. Ә. Қастеев атындағы ГМИИ-де, Н. Назарбаевтың және М. Құлмұхаммедтің коллекцияларында бірнеше жұмысы бар.
Алматы қаласындағы жаңа әуежай залының көркем росписіне қатысты. Чемолған кентіндегі орта мектепте роспись жұмыстарын орындады. Бухарест қаласындағы (Румыния) Халықаралық қаржы орталығында монументалды жұмыс жасаған.