«Дизайн және сценография» кафедрасының оқытушылары

Мустафина Жанна Тураровна

2026-02-22 21:30
Техника ғылымдарының кандидаты

«Сымбат» дизайн және технология институтында әскери киімге арналған Қазақстан Республикасының бірқатар стандарттарын әзірледі. «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірудің технологиялық процесін ұйымдастыруға арналған мобильді технологияларды әзірлеу» мемлекеттік ғылыми бағдарламасын орындауға қатысты. Мемлекеттік және орыс тілдерінде студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулардың, сондай-ақ мектеп формасы үлгілерін әзірлеу жобаларының авторы және жетекшісі.

Киімнің өнеркәсіптік үлгілерінің авторы, авторлық куәліктері бар. Адам фигурасындағы белдік тігін бұйымдары конструкциясының эргономикалық сапа көрсеткішін анықтауға арналған құрылғы әзірледі, оған инновациялық патент алған.

Жалпы: 14 ғылыми басылым, 60-тан астам мақала, оның ішінде 2 оқулық және 2 оқу құралы, 7 авторлық куәлік, терминологиялық сөздік.