23 авторлық куәлік пен патенттің, 70-ке жуық мақаланың авторы, білім беру және жеңіл өнеркәсіп саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірнеше магистрлік диссертацияның жетекшісі, бірнеше оқулық пен оқу құралының авторы, 21 томдық «Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі» қазақша-орысша терминологиялық сөздігі авторлық ұжымының мүшесі. ҚР техникалық және кәсіптік білім беру туралы мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы белсенді әрі жемісті ынтымақтастығы үшін «Фолиант» баспасының арнайы дипломымен марапатталған. 13-ші және 14-ші республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған студенттер тобының жетекшісі ретінде Алғыс хаттармен марапатталса, студенттері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарын иеленді.