2011 жылы Дублин технологиялық институтын «Компьютерлік инженерия» мамандығы бойынша бітіріп, компьютерлік инженерлік байланыс саласындағы бакалавр дәрежесін алды.
2012 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетін (University of Warwick) «Инженерлік бизнес-менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, инженерлік бизнес саласындағы магистр академиялық дәрежесін алды.
MA7 инвестициялық клубының өкілі, стартап-клубты басқарады. Мемлекеттік бағалы қағаздар мен облигациялардан бастап, жылжымайтын мүлікке, қор нарығына және криптовалюталарға дейінгі активтердің әртүрлі кластарына инвестиция салуда 10 жылдан астам тәжірибесі бар.