Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.
«Қазақстан Республикасы Суретшілер одағына – 90 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Қазақстан Республикасының бейнелеу өнеріне қосқан үлесі үшін медаль иегері. Ашық есік күндері аясында шеберлік сабақтарын өткізеді.
«ART–TIME» студиясында керамика бойынша шеберлік сабақтарын жыл сайын өткізеді. Қалалық, республикалық және халықаралық көрмелер мен арт-жобалардың тұрақты қатысушысы. Жеке көрмелері (кескіндеме, керамика): Ақтау, Алматы, Астана, Испания (Барселона), Франция (Триаду қ.).
25-тен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде оқу құралы бар. Мақалалары Ресей, Түркия және Қазақстан журналдарында жарияланған.