«Дизайн және сценография» кафедрасының оқытушылары

Туякбаева Айгуль Шаймуратовна

50-ге жуық ғылыми мақаланың авторы (ВАК, Scopus басылымдарын қоса алғанда). Өнер саласында табысты еңбек етіп жүрген бірнеше магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі. «Режиссура» мамандығы бойынша магистратура мен докторантураға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеуші.

05040600 «Режиссура» мамандықтар тобы («Кино және ТВ режиссурасы» мамандануы) үшін «Режиссура», «Монтаж» пәндері бойынша ҚР БҒМ-ға арнап қазақ және орыс тілдерінде тест тапсырмаларын әзірледі.

ҚР БҒМ типтік оқу бағдарламаларының аудармаларын орындады (жоғары кәсіби білім – бакалавриат): Режиссура I, II, III, IV, V; Монтаж I, II.

Қазақстан Республикасының білім беру және өнер саласындағы жоғары кәсібилігі мен белсенді еңбегі үшін грамоталар мен дипломдармен марапатталған.