«Дизайн және сценография» кафедрасының оқытушылары

Мизанбаев Рамазан

2026-02-22 21:34
Педагогика ғылымдарының кандидаты

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.

2003–2004 оқу жылында Қытай Халық Республикасындағы Хан-Шань педагогикалық институтында жұмыс істеп, шетелде оқытушылық қызмет атқарды. Осы кезеңде қытай тілінде «Қытай ғалымдары» республикалық журналында төрт ғылыми мақала жарияланды, сондай-ақ 200-ден астам көркем туынды жасалды, оның 18-і қалалық галереяға сыйға берілді.

Жеке көркем көрмелері: 1999 жылы Астана қаласында және 2004 жылы Чау Джоу қаласында (ҚХР) ұйымдастырылды.

Қоғамның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін I дәрежелі «Жыл адамы – 2025» дипломымен және «Жыл адамы» орденімен марапатталған.

Ғылыми-педагогикалық қызметі барысында 300-ден астам ғылыми-әдістемелік мақала, сондай-ақ кескіндеме бойынша екі оқулық жазып, жариялады.