• /
  • /
«Сымбат» дизайн және технология институтының басшысы

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы

Техника ғылымдарының докторы, өнертану профессоры, Халықаралық инженерлік академияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
  • 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде негізгі жұмыстары қазақтың ұлттық киімдерін зерттеуге, жаңғыртуға және дамытуға арналған. 500 баспа табақтан астам ғылыми мақалалары жарық көрген. «Өнер» (Дизайн) даярлау бағыты бойынша Типтік оқу бағдарламаларын әзірлеген, МЖББС (ГОСО) авторы, «Костюм дизайны» білім беру бағдарламасының құрастырушысы. Ұлттық киімдердің өндірістік үлгілеріне арналған патенттер мен авторлық куәліктердің иегері, 50-ден астам өндірістік патенттің иесі, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібі бойынша терминологиялық сөздіктің авторы.
Оның ғылыми жетекшілігімен 1 докторлық, 9 кандидаттық және 44 магистрлік диссертация қорғалды.