ЖОО қабылдау комиссиясының жұмысы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан басталады.
Шығармашылық емтиханға өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 10 тамызына дейін жүргізіледі.
Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылдың 7 шілдесінен 15 тамызына дейін өткізіледі.
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына түсу үшін өтініштерді қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамызына дейін жүргізіледі.
Мерзімді әскери қызметін аяқтаған, жалпы орта білім алған азаматтарды ақылы негізде оқытуға қабылдау қызметтен кейінгі екі жыл ішінде, күнтізбелік жыл бойы ЖОО қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін жүргізіледі.