ҰБТ бойынша ең жоғары балл — 140 балл.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін ҰБТ бойынша ең жоғары балл — 130 балл.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін (оқу мерзімі қысқартылған, сабақтас даярлау бағыттарына түсушілерді қоспағанда), ең жоғары балл — 110 балл.
Оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін ҰБТ-ның ең жоғары баллы — 70 балл.
Оқу мерзімі қысқартылған және шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін ҰБТ-ның ең жоғары баллы — 70 балл.